«Даңқты партизан» атты тарихи кеш.

Халқымыз қайсар рухты ұлдарға кенде емес. Ұлы Отан соғыс жылдары ел намысы үшін қолына қару алып, атой салған батырларымыз да жетіп артылады. Сондай жанның бірі – жерлесіміз Жылбек Ағаділов. Үш бірдей соғысты бастан өткізіп, ел намысын, ұлт абыройын асқақтата білген Ж.Ағаділовтың биыл 110 жыл толуына орай Қ.Исабаев атындағы Аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Атамекен» клубы бойынша «Даңқты партизан» атты тарихи кеш: Бірлік ауылы Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ – нің тарих пәнінің мұғалімі Кулкашев Нұрлыбек Раисұлы мен 10-сынып оқушысы Манап Ақниет, сонымен қатар, Шапық Шөкин атындағы √2 жалпы орта білім беру мектебінің 9-10 сынып оқушылары мен бірге ұйымдастырушы – педагог Алсейітов Ерлан мен кітапханашы Багинова Құралайдың қатысуымен өткізілді. Шара барысында: тарих пәнінің мұғалімі Кулкашев Нұрлыбек ағамыз соғыста Беларустың қалың ормандарының ішінде партизандар қатарында отбасымен жауға қарсы күрескен Ж.Ағаділовпен жұбайы Жамал Ыдырысқызының ерлік істері мен қызы Мая туралы кеңінен айтып берді. Бұл туралы жазушы Әди Шәріповтың «Партизан кызы» атты повесінде баяндалған. Аталмыш шарада Бірлік ауылынан келген 10-сынып оқушысы Манап Ақниет Бірлік ауылындағы Ж.Ағаділовтың музейімен таныстырып өтті. Халқымызда «Жақсының аты өлмейді» деген сөз бар. Сондықтан Отанды қорғау жолында отбасымен партизан қатарында болған «Тар жол, тайғақ кешуді» бастан кешкен есіл ердің есімі ұмытылмаса деген тілегіміз бар.

 

          

 

INSTAGRAM