«Шәкәрім кешкен шырғалаң» бейне круиз.

Бірлік ауыл  кітапханасының  коворкинг орталығында, белгілі ақын, жазушы, тарихшы, композитор,  ағартушы,  Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары  Шәкәрім  Құдайбердіұлының 165 жыл толуына орай  «Шәкәрім кешкен шырғалаң» тақырыбында бейне круиз өткізілді.  Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі  Құдайберді  Құнанбайдың  Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқығаны жөнінде бейне көрсетілді. Ақын  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  балаларға арналған өлеңдері де бар:  Қаншыр мен бөдене, Ақылшы торғай, Қасқыр,түлкі бөдене, Алты әңгіме, Боран т.б.   Сол өлең жолдарын  кітапхана оқырмандары Қуаныш Айсұлу, Дүйсен Ғалия, Нұрланұлы Сержан оқып берді.