Әсем табиғатын бір көрген адамның ет жүрегіне ізгілікті әсер қалдыратыны алашқа аян. Тауы мен тасы Мысырдың жақұтпен көмкерген айналасындай айдын шалқар көлдері жануарлар әлемі, жасыл желек жамылған қарағайлы,қайыңды нулы орманы табиғи тас пен ғажайып үңгір шатқалдарының кескін келбеті атадан-балаға мирас, аңыз-әфсаналарға арқау болған құтты мекен. Табиғаты көрікті, жері әсем, адамды өзіне баурап, тартып алатын сондай ғажайып жұмбақ мекен. Бұл жерде бәрінде өзіндік тарихы бар. Олардың бәрін ұрпаққа, жастарымызға айтып, жеткізу мақсатында: Қ.Исабаев атындағы Орталық аудандық кітапханасында балалар әдебиет бөлімінің «Сыбызғы сырлы Баяным» үйірмесі мен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің «Атамекен» клубының ұйымдастыруымен «Баянауыл-сұлулық әлемі» атты өлкетану — патриоттық кеш: Ш.Шокин атындағы ЖОББМ -нің 8-сынып оқушылары мен З.Ақышев атындағы ЖОББМ -нің 6-а мен 6-б сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді.