«ДЕНСАУЛЫҚ БАЙЛЫҚТАН ДА ҚЫМБАТ» атты денсаулық сағаты.

Біріншіден денің сау болсын деп атам қазақ бекер айтпаған ғой.  Денсаулығы жақсы адам жақсы өмір сүретіні белгілі.  Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау  және нығайту. Мұса Шорман ауыл кітапханашысы Оралбаева Жанаргүл Мұқатайқызының ұйымдастыруымен «Денсаулық байлықтан да қымбат» атты денсаулық сағаты кітапхана оқырмандарымен және  медбике Көшербаева Гүлнар Еркінқызының қатысуымен  өткізілді.                         Іс шара барысында денсаулыққа байланысты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандарға денсаулық бірінші тазалықтан басталатыны жайында және денсаулықты қалай сақтау керектігі жөнінде Гүлнар Еркінқызы мәлімет берді. Қатысқан оқырмандарға кітапханашы Жанаргүл  Мұқатайқызы  спорт және денсаулық туралы  мақал мәтелдердің басын  айтып, оқушылар жалғасын тауып айтты.  Әр адамның   денсаулығы өз қолдарына екені жайында оқырмандар толығырақ мәлімет берілді.