“Көк таудың баурайынан…” атты кітабының тұсаукесері.

3 наурызда Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы, ауыз әдебиетін жинақтаушы, тарихшы Ерәділ Рымбайұлы Түсіпбаевтың “Көк таудың баурайынан…” атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Бұл Ерәділ Рымбайұлының жарық көріп отырған екінші кітабы. Аталмыш кітап – ғалым-топырақтанушы, географ Нығыман Баяндин жайлы сыр шертпек. Автор бұл ғалымның еңбек жолымен толық танысып, зерттеп, жинақтап қағаз бетіне “Өмір жолы жинағы” ретінде жазып шығарған. Шараға Ш.Шөкин, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің және Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының ұстаздары, кітапханашылары, оқушылары қатысып, өздерінің пікірлерімен бөлісіп, ыстық лебіздерін білдірді. Осынау кітаптың авторы Ерәділ Түсіпбаевқа шығармашылық табыс пен таусылмас шабыт тілей отыра, қаламыңыз мұқалмай, жазарыңыз таусылмасын дегіміз келеді!