Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Міне осындай бабаларымыздың асыл қазынасын бала бойына кеңінен сіңіру мақсатында Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен Әз Наурыз мерекесіне орай «Қазақтың спорттық ойындары — ұлттық құндылықтары» тақырыбында Ш.Шөкин ЖОББМ -нің 1-3 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тарту», «Асық ату», «Қол күрес» ойындары өткізілді.