«Кітапхана құпиялары» атты сторителлинг.

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында Қ.Исабаев атындағы аудандық  кітапханасының балалар әдебиет бөлімі  оқырмандарға арнап «Кітапхана құпиялары» атты сторителлинг өткізді.

Кітапханашы «Кітап апталығы мерекесімен» құттықтап, оқушыларға кітапхана ережелері туралы айтып, кітапханаға  түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Сонымен қатар балаларға кітаптың шығу тарихы таныстырылып, кітап, білім туралы мақал – мәтелдер, жұмбақтар жасырылды. Оқушылар балаларға  арналған кітаптар мен журналдарды қызыға оқып тамашалады, сиқырлы ертегілер әлеміне енді.  Балалар «Алтын сақа», «Қарға мен тотықұстың басынан кешкендері», «Гулливердің саяхаты», «Үш күшік», «Қызыл телпек», «Алтын мүйізді киік» т.б. ертегілерді үйге оқуға алды.

 

       

 

INSTAGRAM

FACEBOOK