1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында Майқайың кітапханасында балалар әдебиет бөлімімен бірлесе «Ынтымақты елдің ырысы мол» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру, оқушының бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру, оқушыларға патриоттық тәрбие дәріптеу, Отанды сүюге және ерлікке насихаттау, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, қызығушылықтарын ояту.