«Қазақстан көп ұлтты мемлекет»

Бірлік ауыл кітапханасында коворкинг орталығында, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күніне орай «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» атты кітап көрмесі безендіріліп, «Достық, ынтымақтастық» тақырыбында әдеби лото өткізілді. Шара барысында қатысушыларға кітап көрмесіне шолу жасалып, әдеби лото жүргізілді.  Балалар лото билеттерін алып,  әр ұлттың өзіне тән ұлттық қасиеттері туралы мәлімет берді.