«Ердің ерлігі-ерінен танылар» атты патриоттық сағаты.

7-мамыр Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры жетерлік. Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға мәлім. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасында «Ердің ерлігі-ерінен танылар» атты патриоттық сағатына Баянауыл ауданының қорғаныс істер бөлімінің жұмылдыру бөлімшесінің бастығының орынбасары подполковник Сан Асхат Жанболатұлы, Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында подполковник Сан Асхат Жанболатұлы Отан алдындағы борыш пен әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі екенін және әскери тәртіп пен қорғаныс жайлы айтып өтті.Оқушылар болса өздеріне қызықтырған сұрақтарға жауаптарын толығымен алды.