«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды».

Ұлы Отан соғысы… Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп,жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн.«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білу мақсатында: Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасы мен З.Ақышев атындағы ЖОББМ-нің орыс тілі пәнінің мұғалімдері Солтаналина Айсулу Абаевна мен Сушкова Анна Алексеевнамен бірлесе «Отан үшін от кешкендер» атты тарихи кеш З.Ақышев атындағы ЖОББМ-нің мектеп оқушыларының қатысуыменен өткізілді. Аталмыш шара қатысушылары: Сабитова Ақгүл 9 ә-песня «Цвети, Земля!» атты әнімен бастау алып, әрі қарай Балмұрат Алтынай 9 ә-сынып-стихотворение «Спасибо деду за победу»
Отарбаева Милира 7 ә-сынып-стихотворение » Еще тогда нас не было на свете ..»,
Қайролла Назерке 7 ә-сынып-стихотворение » Приходят к дедушке друзья…», Мейрам  Ерасыл7ә-сынып-Р.Гамзатов «Журавли», Дәнібай Гүлнәз 8 сынып-Мұқағали Мақатаев
«Соғыстың соңғы көктемі» атты өлеңдерін оқушылар мәнерлеп айтып берді.