1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалық шақтың сиқыры» атты шара өткізілді.

Шара барысында ең үздік оқырмандарды іріктеп, «Үздік оқырман» номинациясы бойынша Жаңбырбай Аружан, Жаңбырбай Інжу, Анас Сырғалым, Темірболат Ясмин, Канат Ғазиз, Желкобаева Айғаным, Желкобаева Аянат, Амангелді Сезім есімді кішкентай оқырмандарымыз марапатталып, сыйлықтар табысталды. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіруі керек. Барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!

 

 

             

 

INSTAGRAM

FACEBOOK