«Балалардың күлкісі – жарық шамы әлемнің» ойын-сауық бағдарламасы.

Үшқұлын ауыл кітапханасы мен ауылдық клуб ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен, Халықаралық балаларды қорғау күніне «Балалардың күлкісі – жарық шамы әлемнің» атты бүлдіршіндерге арналған мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Балаларымыз ән салып, би билеп, ойындарға қатысып көңілдерін көтерді. Ауылымыздың тұрғыны Шакира әже шашу шашып, соңында балаларға балмұздақ таратылды.