«Ертегі деген әлем бар…» атты таным сағаты.

21 маусым Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде, «Балалыққа кітаппен барар жол» атты жазғы кітапхана жобасы аясында, балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету мақсатында Ш.Шөкин атындағы мектеп жанындағы «Достық» жазғы сауықтыру лагері балаларының қатысуымен «Ертегі деген әлем бар…» атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында балалар оқыған ертегілерінен сүйікті кейіпкерлерінің бейнесін қағаз бетіне салып, тағы да басқа жаңа қызықты ертегілермен таныс болды.