«Кітап – нағыз керемет әлем» атты ертегілер әлемі.

Маусымының 26 күні З. Ақышев атындағы орта мектептің жанындағы «Алау» жазғы сауықтыру лагерінің балалары Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасына келіп, кітапхана тарихымен, Қ.Исабаев музейімен танысты. «Оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында «Кітап – нағыз керемет әлем» атты ертегілер әлемімен танысып, «Мұқан» туралы мультфильм ұсынылды. Сондай-ақ, Қажымұқан туралы кітаппен танысып, кішкентай оқырмандар кейіпкердің суретін салды.