Майқайың кітапханасында тұрақты оқырмандардың қатысуымен
Республика күніне орай “Менің елімнің тарихы” атты әдеби-сазды
кеш өткізілді. Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы
мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Бостандық пен еркіндіктің
бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт,
бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі
жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!