«Асқақ едің, атақты едің, нар едің…»

Жалғызқайынң ауыл кітапханасы мен Д.Рахметов атындағы

ЖОББМ нің кітапханасы бірлесе, Қабырғалы қаламгер Оралхан Бөкейдің

туғанына 80 жыл толуына орай » Асқақ едің, атақты едің, нар едің…»

атты портрет кеші өткізді. Оралхан Бөкей жиырмасыншы

ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің

бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды.Алыс- жақын елдерде

аты «қазақ» деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай

тұлғаларының біріне айналды. Оның барлық прозасы қайырымдылық

пен зұлымдық, күш пен қайрат, нағыз және алдамшы рухани

құндылықтар туралы ойлауға бағытталған.