“Егемендік – ерлікпен келді”

Жалғызқайың ауыл кітапханасы және клуб ұжымының бірлесе

ұйымдастыруымен, Тәуелсіздік күніне орай “Егемендік – ерлікпен келді”

атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл атаулы күн тәуелсіздік құрбандарының

қанымен келгені ақиқат. Осыны біз өскелең ұрпаққа ұқтыруымыз қажет.

Шара барысында 1986 жылы, 16 желтоқсанда сол кездегі басқару

жүйесіне наразылық білдіріп, тәуелсіздік мемлекетіміз үшін

қуғын-сүргінге ұшырап, қаза болған азаматтарымызды еске алдық.