Ақсан ауыл кітапханасында “Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы”
атты еске алу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай
саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан
болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,
жастардың алаңға не себепті шыққандығы түсіндірілді. Қайрат Рысқұлбеков,
Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сынды
желтоқсан құрбандары туралы айтылды.