«Бір ел – бір кітап»

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің

қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан

Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен

өтіп келе жатыр. Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін

насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,

Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең

ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.

Жазушы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Бердібек Соқпақбаевты оқуды

бірауыздан қолдады. Сонымен, «Бір ел – бір кітап» акциясы

аясында 2024 жыл бойына ел болып қазақ прозасына ғажайып

сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтың

шығармаларын оқу ұсынысы қабылданды.