Санжар Керімбай “Отбасы хрестоматиясы” жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы, жазушы

Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы, “Отбасы хрестоматиясы”

жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы, жазушы Санжар Керімбайдың

кейінгі жылдары халқымыздың байырғы салт – дәстүрі мен ұлттық

дүниетанымын, ұлттық құндылықтарды насихаттап, аңыз – қиссалар

арқылы олардың терең мәніне үнілуге үндейтін кітаптары жарық көре бастады.

“Әлдиден эпосқа дейін” мұнда бесік жырынан бастап батырлық дастандарға

дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар жинақталған, ”Салт-дәстүр сөйлейді”

кітапта қазақтың ырым-тиымдарының түп-тамыры аңыз – қиссалар арқылы

көрсетіледі, ”Сияр Шәріп” бұл кітапта Мұхамбет пайғамбардың қисалары

қазақ дүниетанымы бойынша баяндалған. Кітапта фольклорлық жанрдан

бөлек Батыстың академиялық зерттеу тәсілімен жазылған, “Логотерапия

және өмірге құштарлық” атты кітабы өмірден мән іздеп, тіршіліктің түпкі

себептеріне үңілген қарапайым оқырманға арналған. Шығыс шайырлары

мен көшпенді халықтың аңыз-қиссалары молынан еңгізілді, “Махаббаттың мәні”

махаббатты тереңінен қозғап, махаббаттан тарайтын тармақтарды саралайды,”

Өркениетті адам” кітапта автордың түрлі ситуациялардағы оқиғалар мен

сұхбаттары берілген. Кітаптағы оқиғалар экзистенция анализі бойынша талданған,

“Әділ патша” бұл кітапқа бірнеше қазақ ертегілері енген, “Қуыскеуде” бұл кітапта

XXI ғасырдың ең үлкен проблемасына айналған экзистенциялық фрустрацияның

қазақ қоғамындағы пайда болуы мен себептеріне экзистенциалық анализ

жасалады, “Бейсен және Болмыс” кітабында Бейсен Құранбектің болмысына

экзистенциялық талдау жасалады, “Мың сұрақ” кітабы ертегі және аңыз жанрында

қарастырылған, жауапкершіл ”Өмірге ғашық болу” кітапта Санжар Керімбайдың

логотерапия идеясына жазылған мақалалары жинақталған, “Өзбекәлі және

мәдени майдан” кітаптың кейіпкерлері мен мазмұны қазақы танымда баяндалған.

Мұндағы мақсаты-кішкентай балаларды өз ұғымына,танымына жақын

оқиғалармен қызықтырып, кітап оқуға баулу. Қ.Исабаев атындағы аудандық

кітапханасында Санжар Керімбайдың “Салт-дәстүрлер сөйлейді”, ”Сияр Шәріп”,

”Әлдиден эпосқа дейін”, ”Өмірге ғашық болу”, ”Бейсен және Болмыс” атты кітаптары бар.