«Шәкен Айманов – қазақ киносының жарық жұлдызы»

Театр және кино режиссері, актер, Қазақстанның халық әртісі

Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына – 110 жыл толуына

орай «Шәкен Айманов – қазақ киносының жарық жұлдызы» атты

өнер сағаты өткізілді. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы

15 – ші ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр

ауылында Айманбұлақ деген жерде туған. Шәкен Кенжетайұлы

Айманов Семей қаласындағы Каз Коммунада одан кейін

педагогикалық техникумде оқыған жылдары көркемөнерпаздар

үйірмесіне белсене қатысады. Театр сахнасында қайталанбас образдарда

қатысқан. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жылға

дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар бас режиссер

болып та істеді. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1953 жылдан 1970

жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жағын

басқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше

мол үлес қосты. Іс – шара барысында Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың

өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектері туралы насихатталды.

Қазақ киносының осындай дара саңлағына арналған

«Өмірі де, өнері де өнеге» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.