Санжар Керімбай аудандық кітапханамен танысты

Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі,

ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының құнды сырларын сүріндірмей

әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылықпен білімділіктің, біліктіліктің

нағыз киелі ордасы болып табылады. Қ. Исабаев атындағы орталық

аудандық кітапханасына «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы,

шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбай арнайы келіп, кітапхана

ғимаратының тарихымен, биылғы жылдың мерейтой иелеріне арналған

«Бір туар дара тұлғалар» атты кітап көрмесімен және Халықаралық “Алаш”

сыйлығының лауреаты, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту “Құрмет” ордендерінің

иегері, көрнекті жазушы Қалмұқан Исабай туралы кітапхана қорындағы

мәліметтермен кеңінен таныстырылды. Автор «Бейсен және болмыс»,

«Әлдиден эпосқа дейін» атты кітаптарына өз қолтаңбасын қойып, және

«Өзбекәлі және мәдени майдан» мен «Қуыс кеуде» атты кітаптарын

кітапханаға сыйға тарту етті.