“Елінің еңселі тұлғасы”

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада Жас Дәурен

облыстық оқыту сауықтыру орталығының балаларының қатысуымен

Шорманов Сәдуақас Мұсалының 175 жылдығына орай “Елінің еңселі тұлғасы”

атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында С.Шормановтың өмірбаяны

оқылып, таныстырылды. Ақын ретінде С.Шорманов адалдықты, махаббатты,

табиғатты, адамгершілікті, қайырымдылықты, руханиятты жырлаған.

Абай мектебін өнеге тұтқан ақын. Шорманов Сәдуақас қазақ қолжазбаларын

жинаушы, солардың ішінде Абай өлеңдерінің қолжазбасын П.М.Мелиоранскийге

тапсырған.