«Жанарымда бұлдырайды бар әлем» атты әдеби кеш

Ақсан ауыл кітапханасында, Көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағы

Павлодар облыстық филиалының директоры, Баянауыл ауданының Құрметті

азаматы «Алаш»әдеби сыйлығының иегері Арман Қанидің 70 жасқа толуына орай,

«Жанарымда бұлдырайды бар әлем» атты әдеби кеш өткізілді. Шара барысында

Арман Қанидің өмірі мен шығармашылығы насихатталды. «Сен және мен»,

«Шындықпен бетпе — бет», «Үйлесім Гармония», «Қарашығымдағы бейнелер»

шығармалары жайлы айтылды. Өлеңдерінің басым бөлігі азаматтық лирикадан

тұратын Арман Қани шығармашылығында табиғат шалқар шабытпен жырланады.

Арман Қани өзі өмір сүретін қоғамдық ортаның қуанышы мен қайғысын, кемшілігі

мен кесапатын, өзін қоршаған шындықтың саяси — әлеуметтік сырын сабақтастыра

алған. Ұлттық намыс, ел болашағы, туған жер туралы толғаныстан туған мұңдай

әрі мұңды, әрі жігерінді қамшылайтын қайсар жырлар Арман Қани талантына

тәнті етері сөзсіз. Қазақ поэзиясындағы халықтық рух пен азаматтық үн — лирикалық

елеңдердің өзегіне от беріп тұратын, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэзияның

үлкен бір саласы.