«Қазақтың ғұлама ғалымы» атты тарихи сағат

«Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы аясында Егіндібұлақ ауыл кітапханасы,

мектеп ұжымымен бірлесе архелог, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы,

филология ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек

сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 120 жыл толуына

орай  «Қазақтың ғұлама ғалымы» атты тарихи сағат өткізілді. Туған өлкемізден талай

ғұламалар шыққаны мәлім, сол ғұламалардың бірегейі Ә.Х.Марғұланның есімі әлемдік

ғылымда кең танылған. Академиктің еліне деген ыстық ықыласын еңбегіне қарап біле

аламыз. Ол жан- жақты ғұлама ғалым. Ғалым әр салаға тынымсыз еңбек етіп, артына

баға жетпес мол мұрасын қалдырды. Жас ұрпаққа ғалымның еңбек жолын дәріптей

отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулу мақсатында осындай игі іс-шара ұйымдастырылды.