“Балалар әдебиетінің бәйтерегі” инфоквест

Қ. Исабай атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет

бөлімінде «Бір ел-бір кітап» 2024 Республикалық акция аясында,

балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған

“Балалар әдебиетінің бәйтерегі” инфоквест өткізілді. Іс-шараның мақсаты

оқырмандарың Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянымен және

«Менің атым Қожа» әңгімесінен үзіндімен таныстыру болды. Жазушының

шығармашылығына деген қызығушылықты, өз еліне деген сүйіспеншілікті

тәрбиелеу. Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

Шараға Ш. Айманов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.

Балалар Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты.

Кітапханашы «Менің атым Қожа» кітабы туралы айтып берді. Оқырмандар

қызығушылықпен тыңдады, әсіресе оларға бас кейіпкер баланың жарқын

болашақ туралы армандары ұнады, іс-шара соңында «Менің атым Қожа»

атты фильмі көрсетілді.