Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында, Театр және кино режиссері, актер,
Қазақстанның Халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына
110 жыл орай «Қазақтың біртуар тұлғасы» атты мәдениет үйі ұжымының
қатысуымен бейне-салон өткізілді. Іс- шара барысында, Ш.Аймановтың
өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттап, деректі фильм
көрсетілген. «Қазақ киносының саңлағы» атты көрме ұйымдастырылып
қатысушыларға ұсынылды.