«Қазақ кино өнерінің арысы» атты өнер сағаты

Ж. Аймауытов ауыл кітапханасында, театр және кино режиссері, актер,

Қазақстанның Халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына

110 жыл толуына орай «Қазақ кино өнерінің арысы» атты өнер сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында жас оқырмандарға Ш. Аймановтың өмірі мен қазақ кино

өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал етіп, өнеге із қалдырған

дара дарын иесінің жасаған еңбектеріне шолу жасалып, «Қазақ кино өнерінің

шоқжұлдызы» атты кітап көрме безендіріліп библиографиялық шолу жасалды