“Қазақ киносының құлагері”

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханада Ш.Аймановтың туғанына

110 жыл толуына орай “Қазақ киносының құлагері” атты әдеби- интеллектуалды

кеш өткізілді. Шара барысында Ш.Аймановтың өмірбаяны айтылып, сұрақ-жауап

өткізілді. Сондай-ақ, кешке қатысушы оқырмандар “Тақиялы періште” киносының

үзіндісінен көрініс қойды. Шәкен Кенжетайұлы Айманов — қазақтың әйгілі актері,

режиссер. 1964ж КСРО-ның халық артісі. Туып өскен жері Павлодар облысының

Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.