«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби сағат

Егіндібұлақ ауылкітапханасында, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көрнекті

жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға

шақыру мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби сағат өткізілді.

Қазақ әдебиетінде өзгеше өрнек, ғажайып сыр- сипат алып келген көрнекті жазушының

өмір жолы туралы жас оқырмандарға мәліметтер беріліп, шығармалары насихатталды.

Б.Соқпақбаев шығармалары арқылы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеген.

Балаларға деген ғажайып ілтипатының арқасында жасөспірімдерге арнап көптеген

туындыларды өмірге әкеле білген дара тұлға.