«Сан қырлы қаламгер» атты портреттік кеш

Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам

қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген

сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр

шертеді. Ол – ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың сері азаматы,

қадірменді ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан

әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына

айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының

бірі екені сөзсіз. Қазақтың жазушысы Сәкен Жүнісовтың 90 жыл толуына

орай Қ.Исабаев аудандық кітапханасында «Сан қырлы қаламгер» атты портреттік кеш өткізілді.