Ақсан ауыл кітапханасында Жазушы, драматург, ақын аудармашы, әдебиеттанушы,
педагог қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай
«Халқым деп соққан жүрегі» атты әдеби сағаты өткізілді. «Ана тілі — халықтың жан
дүниесінің айнасы, өсіп — өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» алаштың
айбынды тұлғасы Жүсіпбек Аймауытов. Аталмыш шара барысында Жүсіпбек Аймауытовтың
өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. «Жүсіпбек — көркем сөздің ерен жүйрік зергері».
Ол әрі ақын, әрі жазушы, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы және педагог
ағартушы Жүсіпбек Аймауытовтың үлкен прозадағы тұңғышы — «Қартқожа» романы.
Ол — жазушының ғана емес, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Ал, «Ақбілек» романынан
адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады. Оқырмандарға Ж.Аймауытов
шығармаларының өміршендігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру мақсатында өткізілді.