«Халқым деп соққан жүрегі» атты әдеби сағат

Ақсан ауыл кітапханасында Жазушы, драматург, ақын аудармашы, әдебиеттанушы,

педагог қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай

«Халқым деп соққан жүрегі» атты әдеби сағаты өткізілді. «Ана тілі – халықтың жан

дүниесінің айнасы, өсіп – өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» алаштың

айбынды тұлғасы Жүсіпбек Аймауытов. Аталмыш шара барысында Жүсіпбек Аймауытовтың

өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. «Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері».

Ол әрі ақын, әрі жазушы, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы және педагог

ағартушы Жүсіпбек Аймауытовтың үлкен прозадағы тұңғышы – «Қартқожа» романы.

Ол – жазушының ғана емес, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Ал, «Ақбілек» романынан

адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады. Оқырмандарға Ж.Аймауытов

шығармаларының өміршендігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру мақсатында өткізілді.