1 – наурыз Алғыс айту күні Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапханасының
балалар әдебиет бөлімінің белсенді оқырмандары кітапханашыларға алғыс
айтып, жылы лебіздерін білдірді. Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы,
көңіл үшін ризашылық білдіруі, оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне
жоғары баға беруі. Әрбір адамның жүзіне күлкі сыйлау жай ғана «РАХМЕТ»
деген сөзден де құралады. Барша оқырмандарымызға Рахмет!