«Шәкен – дарын сахнаның сардары » атты өнер сағаты

Майқайың кітапханасы мен Мұхтар Әуезов мектебінің кітапханасы

бірлесе, Театр және кино режиссеры, актер, Қазақстанның Халық әртісі

Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай

«Шәкен – дарын сахнаның сардары » атты өнер сағаты өткізілді.

Мақсаты Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер,

Қазақстанның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы, туып-өскен,

оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани мәлімет беру.

Қазақ киносының негізін салушы, халқына қалдырған шоқтығы биік

туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға насихаттау.