«Ана шуақ төккен ғасырларға» атты мерекелік кеш

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған.

Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған,

ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды

сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана. Жақсылықтың

нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай

тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге

қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін

көгілдір көктемнің алғашқы мерекесіне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық

кітапханасының ұйымдастыруымен «Ана шуақ төккен ғасырларға» атты мерекелік

кеш көп жыл кітапхана саласында еңбек етіп, өз үлестерін қосқан зейнеткер – ардагерлері,

сонымен қатар С. Торайғыров атындағы мәдени сауық орталығының қызметкерлері

Саитова Мариям Хакимжанқызы мен Темеш Расул, Ш. Айманов ЖОББМ-нің қазақ

әдебиет пәнінің мұғалімі Ахатов Танат Қуанұлы, Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл

балалар өнер мектебінің қызметкері Серіков Қуаныштың қатысуыменен әдеби-сазды

қонақжай өткізілді. Шара барысында кешіміздің қонақтары ана туралы әндерін тарту

етіп, барша аналар мен әйелдер қауымына ізгі ниеттерін білдіріп, құттықтады.