«Қазақ даласының ұлы перзенті» атты портрет кеші

«Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы аясында Егіндібұлақ ауыл кітапханасы

мектеп кітапханасымен бірлесе, Ғалым-геолог, академик, Қазақстан Ғылым

Академиясының тұңғыш президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы,

мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

толуына орай «Қазақ даласының ұлы перзенті» атты портрет кеші өткізілді. Қасиетті

Баянауыл өңірі ғалымдарды, ақын-жазушыларды дүниеге әкелген құтты мекен.

Бұл жерде талай атақты тарихи тұлғаларымыз өмір кешкен. Сол қазақ еліне еңбегі

сіңген атақты тұлғаларымыздың бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қаныш атамыздың

еңбегі ғана емес, қазақ еліне жасаған ерлігі де шексіз, академиктың есімі әлемдік

ғылымда кең танылған. Ол жан- жақты ғұлама ғалым. Ғалым әр салаға тынымсыз

еңбек етіп, артына баға жетпес мол мұрасын қалдырды. Осындай игі іс-шаралар

арқылы жасұрпаққа ғалымның өмір жолымен және еңбектерімен таныстыру және

отансүйгіштікке баулу. Сондай-ақ болашақ ұрпаққа қымбат қазына, маңызды мұра

қалдырған ұлы тұлғамыздың еңбектерін насихаттау