Көрісу айт – ынтымақ пен берекенің бастауы

14 наурыз – Көрісу күніне орай Ұзынбұлақ ауыл кітапханасы, Ұзынбұлақ ауылдық мәдениет үйі мен Е.Бекмаханов атындағы орта мектептің бірлесуімен ұйымдастырылған “Көрісу айт – ынтымақ пен берекенің бастауы“ атты мерекелік шара өткізілді. Шарада көрші Ақши ауылының мәдениет үйі мен мектеп ұжымын қарсы алдық.Шарада сөз алған мектеп ұжымы, Көрісу күнінің мағынасын ашып, бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтайтынын, Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс екенін түсіндірді. Шара барысында ұлттық ойындар, сайыстар ойнатылып, халық әндері айтылды.