«Күн мен мейірімнен нәр алған» атты этнографиялық кеш

Майқайың кітапханасында, «Күн мен мейірімнен нәр алған» атты этнографиялық кеш өткізілді. Мақсаты: Наурыз мейрамы қазақ халқының салт- дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге насихаттау.
Оқырмандарға » Наурыз – кұт, береке бастауы» атты кітап көрме таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды. Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті және ұлттық салт -дәстүрі ұлықталады. Бұл күн мәдениетіміздің, өнереріміз, тағамдарымыз ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі – салт дәстүр. Ел жадында сақталған еліміздің салт дәстүрі «Сырға салу» дәстүрімен кеш жалғасын тапты. Салт-дәстүрлердің барлық ырымдары мен жол-жоралғылары орындалды. Үлкендер тарапынан бата-тілектер білдірілді.