«Ертегілер еліне саяхат»


Халықаралық балалар кітап күніне орай, Егіндібұлақ ауыл кітапханасы
мен Егіндібұлақ ЖОББ мектебінің даярлық тобының кішкентай оқырмандарының
қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» қызықты ертегілер оқып берді.
Қазақ ертегілерінің ауыз әдебиетінде алар орны ерекше және тәрбиелік мәні үстем.
Бұл іс-шараның мақсаты кішкентай оқырмандарға ертегі оқу арқылы ойлау
қабілеттерін кеңейту, сөз қорын молайту және де шығармашылықтарын дамыту.
іс-шарада балалар оқылған кітаптан ертегі кейіпкерлерін қызыға сомдады.