«Жастар денсаулығы: қауіптер және алдын алудың тиімді әдістері»

Майқайың кітапханасында, салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында
«Жастар денсаулығы: қауіптер және алдын алудың тиімді әдістері» атты ақыл-кеңес
сағаты, Майқайың кентінің медбикесі А.С.Зубайренова қатысуымен өткізілді.
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, маскүнемдік пен шылым шегудің адам
денсаулығы үшін қауіптілігі олардың әсерінен туындайтын созылмалы аурулар
жөнінде кеңестер беріп, әртүрлі зиянды әдеттердің алдын алу бойынша
бейнероликтер көрсетілді. «Ұлт болашағы — ұрпақ денсаулығында» атты кітап
көрмесі безендіріліп, библиография

лық шолу жасалды.