«Кітап — ең жақын досың» атты әдеби кеші


Ақсан ауыл кітапханасында, Халықаралық балалар әдебиет күніне орай «Кітап — ең жақын досың»
атты әдеби кеш өткізілді. Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап
Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған
күніне орай атап өтіледі. Аталмыш іс-шара барысында балалар кітаптары туралы айтылды. Сондай-ақ,
балаларға арнап кітап жазған жазушыларымыз Сүлейменов Бейсенбай, Әлімбаев Мұзафар, Оразақын Асқар,
Соқпақбаев Бердібек т.б. жайлы айтылды. Оқырмандарға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында
айтылып, кішкентай оқырмандардың санасын ояту, жас ұрпақтарымыз білімді де, саналы болып өсуі
мақсатында өткізілді. «Кітап — ғажайып әлем» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.