“Кітап – құнды қазына” атты әдеби сағаты


Халықаралық балалар кітап күніне орай, Мұса Шорман ауыл кітапханашысы
мен мектеп кітапханашысы бірлесе “Кітап – құнды қазына” атты әдеби сағаты
өткізілді. Қатысқан оқырмандарға кітап туралы нақыл сөздер оқылып, кітап
туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу жолы болды. Ауыл кітапханашысы
Жанаргүл Мұқатайқызы оқырмандар арасында кітап туралы жасырын жұмбақтар
өткізді. Қатысқан оқырмандар арасынан Ержан Айару мен Нұрасыл Дауренұлы
кітап туралы білетін тақпақтарын ортаға салды.