«Қош келдің, кітап апталығы»


Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінінің ұйымдастыруымен
2 сәуір Халықаралық балалар кітап мерекесіне орай Ш.Шөкин атындағы жалпы орта мектептің
3 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Қош келдің, кітап апталығы» атты апталықтың ашылу
салтанаты өтті. Шара барысында кішкентай оқырмандар кітаптың шығу тарихымен танысып,
ертегілер әлеміне саяхат жасап, сұрақтарға жауап берді.