“Кел, балалар оқылық!” атты викториналық ойын


2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай, Сәтбаев ауыл кітапханасында
“Кел, балалар оқылық!” атты викториналық ойын өткізілді. Кітапхананың
жас оқырмандары сүйікті ертегілерін оқып, бір-біріне баяндап берді,
одан соң сол ертегілерге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп,
пазл суреттер құрастырды.