«Кітап ғажайып әлем» атты кітаптар әлеміне саяхат сағаты


Халықаралық балалар кітап күніне орай, Аймауытов ауыл кітапханасында
«Кітап ғажайып әлем» атты кітаптар әлеміне саяхат сағаты өткізілді.
Шара барысында кішкентай оқырмандар қызықты кітаптармен таныстырылып,
өздері білетін ертегілері жайлы әңгімелеп берді.
Мақсаты: жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру,
кітапты сүюге, құрметтеуге, кітаппен дос болуға баулу.