«Мен оқыған кітаптар»


Мәшһүр Жүсіп ауыл кітапханасында, 2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай
«Мен оқыған кітаптар» әдеби талғам тұрақты оқырмандардың қатысуымен өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандардың кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар
кітап күнінің шығу тарихымен таныстырылып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында оқырмандар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, сұрақтарға жауап берді.