«Бір ел – бір кітап» акциясы


Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде 2024 жылы Республикалық
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақ балалар әдебиетінің классигі,
әлем таныған жазушы, қазақ әдебиетін Хан Тәңіріндей биігіне көтерген қарымы
бөлек қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың «Әжесінің баласы» шығармасына талдау өткізілді.
Мақсаты: «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы,
өзі өмір сүрген ортасының кезең келбетін көз алдыға келтіре кескіндеген, заманның
шындығын жүрек сыздата суреттеген, сол бір күндердегі ел өмірін мөлдірете, жан жүректі
елжірете мүсіндеген алғыр ойлы, қайсар мінезді, қайтпас рухты, шоқтығы биік тұлғаның
еңбектерін оқырмандарға насихаттау.