Ақсан ауылының кітапханасында «Мейірімділікке құштар болайық» жобасы аясында
«Мейірімділіктің жолы — жарқын жол» атты пікір сұхбат өткізілді. Аталмыш шара
жас ұрпақтың бойындағы «мейірімділік» пен «қайырымдылық» қасиеттері туралы
түсініктерін кеңейту. Жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату,
жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Шара барысында мейірімділік қасиеттері туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ,
сауалдар бойынша шараға қатысқан оқырмандар өз ойларын ортаға сала отырды.
Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, шыншылдыққа,
мейірімділікке тәрбие беру мақсатында өткізілді. Мейірімді, қайырымды сезімтал
адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен мейірімділік жасау
адамның ішкі дүниесіндегі байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
Әрқашан жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!